Әлеумет

Өткен жылы 940 тараздық жеңілдетілген бағдарламамен үйлі болды

Бұл туралы бүгін Тараз қаласы әкімдігінің  тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Бекнұр Естайбеков өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында  мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде «I, II топтағы мүгедектер», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедек бала асыраушы отбасы», «Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаттарында кезекте тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 167 азамат, және мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімінде тұрған азаматтар «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 773 азамат пәтерге қол жеткізген.

Ал биылғы жыл басынан бері «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында  117 азамат үйлі болған.

Айта кетейік, қазіргі таңда 21 286 тараздық пәтер кезегінде тұр.