Балаева жаңа әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz министрліктің ресми сайтына cілтеме жасап
Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түркіменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жастар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.
Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды.
Айта кетейік, Ашхабадта Түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды. Ақын мүсіні 60 метрлік монументалды ескерткіш түрінде тұрғызылған. Аталмыш нысан түрлі елдер мен дәуірдегі әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың 24 мүсінін біріктіретін жаңа мәдени-саябақ кешенінің құрамына кірді.