Әлеумет

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді

Жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді.

Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.