Саясат

Ерұлан Жамаубаев – Президент кеңесшісі

Бұрынғы ҚР Қаржы министрі Президенттің жаңа кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

 

baq.kz ақпараттық порталы Ерұлан Жамаубаевтың еңбек жолын жариялады:

 Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі болып тағайындалды.

2020 жылдың мамыр айынан ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.