Су тасқынынан 21 785 тұрғын үй зақымданды
Елімізде су тасқынынан кейінгі зардаптарды уақтылы жою мақсатында Министрлік жанынан Жедел штаб құрылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 21 785 тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті, оның ішінде 9 843 саяжай жалғыз тұрғын үй деп танылды.
Жергілікті әкімдіктер жүргізіп үлгерген техникалық қадағалау нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында комиссия 1 898 тұрғын үй объектілерін салу, жылжымайтын мүлік нарығында 4 059 тұрғын үй объектілерін сатып алу, 8 415 нысанды жөндеу туралы шешім қабылдады.