Жаңалықтар

Таразда үш елдің есірткіге қарсы күрес бөлімше басшыларының кездесуі өтті

Тараз қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Басқосуда үш елдің ведомствоаралық өзара іс-қимылының нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен тыйым салынған заттар трафигінің арналарын жоюда бірлескен күш-жігерді одан әрі арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет-ресурстар мен электрондық төлем жүйелері арқылы таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар да назардан тыс қалмады.

Кездесу қорытындысы бойынша шарттық базаны жетілдіру, жедел өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастығын жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.