Әлеумет

Таразда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер орнатылуда

Облыс орталығында электромобильдерді қуаттайтын станциялардың саны артып келеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Шаhар басшысы Бақытжан Орынбековтың сөзінше, тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын орындар салу жұмысын жолға қою үшін инвесторларға тиісті жер телімі берілген.

Осы ретте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде заманауи қуаттау қондырғыларын құрастыратын зауыт салу туралы ұсынысын айтып, ол үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау қажеттігін жауапты сала басшыларына тапсырған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда электр көліктерін қуаттандыруға арналған станциялардың жаңа стандарттары қабылданды. Онда республика бойынша электромобильдерге арналған 8 мың зарядтау станциясын салу қажеттігі айтылған.

Қазіргі таңда «2ГИС» қосымшасында аймақ бойынша 7 зарядтау бекетінің мекен жайы көрсетілген