Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Бұл жолы қабылдауға 10 азамат жазылған. Олардың қатарында Тараз қаласы және Қаратау қаласының, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.
Азаматтар көшеге атау беру, балабақшаны қадамдық жоспарға енгізу, құжаттарды заңдастыру мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Бұдан бөлек, жер телімін беру, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, баспанамен қамту, сондай-ақ, медицина саласына қатысты бірқатар шағымдар тыңдалды.
Аймақ басшысы азаматтардың барлық сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелер заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті. Бұл бойынша жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.