Елімізде жаңа форматта 369 мектеп салынады
Қазақстанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін 217 мектеп пайдалануға беріледі, ал қалған 152 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, жоба аясындағы мектептердің орналасу орны мен толтырылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзекті сұрақтарға жауаптарды«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ресми парақшасынан көруге болады.
Сондай-ақ ата-аналар толығырақ ақпаратты https://jaily-mektep.kz/#about сайтынынан көріп, таныса алады. Жаңа платформада мектептің ішкі құрылысы, сыныптардың, асхананың, спорт залдарының, тіпті дәліздің орналасуы көрсетілген. Көріністер мейлінше шынайылыққа жақындатылған, мұнда интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалауға болады. Бұдан басқа кері байланыс нысаны арқылы кез-келген сұраққа жауап алуға болады.