Жаңалықтар

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды

9 мамыр - Жеңіс күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет подпоковнигі Еркін Нұрбаев және  оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшылары мен жеке құрам қызметкерлері Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Бұл күні Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында тәртіп сақшылары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батыр бабалар рухына тағзым етті. ҚАЖ қызметкерлері өзге де әріптестерімен бірге, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды