Әдебиет

Туған жер

Туған жер

Асқар тау, өр шыңдарым көкке өрлеген, Сен менің арманыма от берген ең, Шалықтап содан бері мен де сендей, Талай жауын-дауылды өткерген ем. Шалқар көл, асау ағын өзендерім, Өзінсің жан дүниемді сезер менің. Сендегі тереңдікке бойлаған соң, Бетпақтың даласындай кезермедім. Орманым, жазық далам, қыраттарым, Шөлімді де қандырған бұлақтарым. Туған жер топырағынан нәр әлған соң, Келмейді мен өзіңнен жырақтағым!

5Рәтбек Беркімбай