Ананы аңсау
Ананы аңсау
Анашым, айналдың ба сағынышқа, Сен жүрген жолдың маған бәрі нұсқа. Санама сәуле сепкен өзің едің, Көз жазып қалдық қалай қапылыста. Сен барда бақытты едім, қуатты едім, Самал боп есуші еді шуақ демің. Өзіңдей қамқоршыны қайдан табам, Он бөлер ойымды сол сұрақ менің. Біз үшін бейнетің көп сен кешірген, Мехнатты тірлігің терге сіңген. Жан ана үмітіңді ақтайды ұлың, Есіміңді шығармай енді есімнен.
Жуалы ауданы.