Халық қалаулысы аймақ жастарымен кездесті
Халық қалаулысы аймақ жастарымен кездесті
Жүздесуде Мұқаш Ескендіров заң шығарушы органның бүгінгі тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталып, жастарға қатысты соңғы уақытта қабылданып жатқан заң жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ, халық қалаулысы облыс жастарының әлеуметтік мәселелері назардан тыс қалмайтындығын айтты. – Жастарды қоғамның басты қозғаушы күші санап жатамыз. Сондықт ан олар әр с аладан хабардар болып біздің де бастамаларымыздың шарапатын көрулері тиіс. Өңірде жүзеге асқан жағымды жобалардың бірі – «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы. Жүзеге асып келе жатқанына екі жылдың жүзі болған бағдарламаның әлі де жетілдіретін тұстары бар. Ол ең алдымен, өндіріс орындарындағы жастардың тізімге ілікпеуі. Бұл қатарда мектептерде қызмет атқаратын мамандар да бар. Яғни, тізімге тек пән мұғалімдері ғана кіріктірілген. Аталған мәселені алдағы уақытта Парламент мінберін де көтеріп, тізімге түзетулер енгізуге тырысамыз, – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы. Бұдан өзге кездесуде өңір жаст ары тұрақты жұмыспен қамту, мамандық таңдау, кәсіп ашу бойынша түрлі сұрақтар қойып, сұрақтарына лайықты жауаптар алды. Өз ке зегінде Мәжіліс депутаты жастардың көтерген мәселелерін назарға алып, түйінді түйткілдердің оң шешімін табуға күш салатындығын жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК