Жаңалықтар

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы ернеуіне жетті

The final spritzer

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы ернеуіне жетті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларының қазіргі жағдайы бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды aqjolqazet.kz

«Осы сағатқа еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей: БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды. Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды. Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%», - делінген хабарламада. Айта кетейік, су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі. Фото: egemen.kz