Республикалық автожолдар бойында байланыс желілері салынады
Республикалық автожолдар бойында байланыс желілері салынады
Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми сайтында мәлімдеді. Күні кеше жарияланған хабарламада төмендегі мәселелер қамтылған: - Салаларды цифрландыруды дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде байланыс қызметтерін субсидиялау енгізілді, оның тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, анықтайды; - Мүгедектігі бар тұлғаларды қолдау мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларының оларға жеңілдетілген тарифтерді ұсыну бойынша міндеттемелерін бекітетін болады; - Байланыс саласында нарықтың жаңа қатысушысы – виртуалды байланыс операторы енгізілуде, ол бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланады; - Жаңа өзгерістерге сәйкес, операторлар төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлау үшін Cell Broadcast технологиясын ұсынуға міндетті. Жергілікті органдар шұғыл қызметтер жүйелерінің жұмысын бақылайтын болады, сондай-ақ байланыс жабдықтарын орналастыру үшін орындарды жалға алуға шекті тарифтер белгіленетін болады. Фото: ашық дереккөз