Ат бәйгенің жүлдесі қайырымдылыққа жұмсалады - ҰСҚ
Ат бәйгенің жүлдесі қайырымдылыққа жұмсалады - ҰСҚ
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Qazaq Jockey Club Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысын өткізді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап
Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі ат шабыс бойынша өтті. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысты. 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған Мэрайя атты жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітін ақтағанын айтты. Еске сала кетейік, бүгінгі ат жарысынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі. Фото: ultsport.kz М.Тажкуранов