Жаңалықтар

Биыл 3 миллион оқушы лагерге барады

Биыл 3 миллион оқушы лагерге барады

Елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 миллионнан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады. Бұл мектеп оқушыларының 88 пайызын құрайды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір тұр.

Сондай-ақ биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Фото: kazgeo