Өртпен күресудің тиімді әдісі – оның алдын алу
Өртпен күресудің тиімді әдісі – оның алдын алу
Орман өртінің орын алуының негізгі себептеріне сөндірілмеген от, тасталған темекі тұқылы, көлік құралының ақаулы бәсеңдеткіші, патронды бықсыған пыжа, қураған шөп және тағы басқаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, орманда ұмытылған немесе сынған шыны бөтелке де оттың көзі бола алатындығын атап өткен жөн. Ол жазғы күннің ыстық сәулелерінің астында объектив ретінде жұмыс істей бастайды. Адамдар кішкентай от шоғының өзі үлкен орманды өртке орайтын апатқа айналатынын және оның зардабы зор болатынын қаперге алмайды. Шоғырланған орман өрті үлкен учаскелердің қатты түтіндеуіне алып келеді, ал күйік пен өткір иіс ондаған шақырымға таралады. Сондықтан да орманда өрт қауіпсіздігі шараларын білу және сақтау өте маңызды екенін ұмытпағанымыз жөн. Орман алқабы аумағында от жағуға, кәуап даярлауға (тамақ дайындауға арналған басқа құрылғыларды қолданыңыз), темекі шегуге, жанып тұрған сіріңкені, темекі тұқылын тастауға, темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға, аң аулау кезінде жанғыш немесе бықсыған материалдардан жасалған тығындарды қолдануға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға, орманда бензинмен, керосинмен және өзге де жанғыш заттармен майланған материалды қалдыруға, сондай-ақ отын құйылатын көліктердің жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Орман алқабында күн сәулесі түсетін бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да қоқыстарды қалдыруға, шөпті, сондай- ақ орманмен шектесетін алқаптардағы сабақты өртеуге болмайды. Бұдан басқа, орманға іргелес жатқан аумақты (орман өсімдіктерімен жабылған жерлер) иеленетін, пайдаланатын және оған билік ететін адамдар оларды аумақтың және орманның шекарасынан ені кемінде 10 метр жолақта құрғақ шөпті өсімдіктерден, аң терісінен, шөпшектен, кесілген ағаш қалдықтарынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарынан және басқа да жанғыш материалдардан тазартуды қамтамасыз етуі, не ені кемінде 1,4 метр өртке қарсы минералдандырылған жолақ немесе өзге де өртке қарсы тосқауылдар жасауы қажет. Орман өртін анықтаған кезде қандай іс- әрекеттер жасаған жөн? Орманда немесе оған жақын жерде жанып жатқан отты көрген кездегі алғашқы міндет – өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеу. Ол үшін отты сөндіріп, жанған жерді мұқият қарап, от шоқтарының жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Өртті өз бетінше сөндіру мүмкін болмаған жағдайда ақпаратты «101», «112» телефон нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметке, орман қорғау мекемелеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе полицияға хабарлау қажет. Орманда жануды сөндіру кезінде ең көп таралған әдіс – өрттің шетінен жасыл жапырақты ағаштармен сабалап сөндіру. Өрт жиегін, жанып жатқан материалдарды салқындататын және олардың әрі қарай жол бермеуіне топырақты лақтыру арқылы сөндіру көмектеседі. Өрт сөндіру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жоғарғы орман өрттерінде, ағаштардың ұшар басы жанғанда су айдындарының жағалары, ірі алаңқайлар, қылқан жапырақты өскіндері жоқ жапырақты орман пана бола алатынын білуіміз қажет. Ормандағы тәртіптілік, саналы мінез- құлық және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтауға кепілдік береді. Қорыта айтқанда, орман өрттерімен күресудің ең тиімді әдісі өрттің алдын алу екенін ұмытпайық!
Руслан КҮРЖИЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы.