«AQ JOL» – ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ
«AQ JOL» – ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ
Газеттің «Ақ жол» атын алуына қатысты, ата басылымда көп жыл редакторлық қызмет еткен Арғынбай Бекбосынның «Ақ жолдағы» ақжолтай жылдарым...» атты санаулы данамен жарық көрген мемуарлық шығармасында кеңірек баяндалады.
Міне, мысы мен сұсы басым аймақтық бас газетте әр жылдары: Сыдық Абланов, Ғабды Аманғалиев, Жайық Бектұров, Төленді Оңғарбаев, Ғайса Сармұрзин, Беген Байсақалов, Баттал Жаңабаев, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулет, Ғалым Қасабай, Қуаныш Иембердиев, Көсемәлі Сәттібайұлы, Қуат Әуесбай, Оралхан Дәуіт сынды қаламы қарымды журналистер редакторлық етті. Қазіргі бас редакторы – Хамит Есаман. Редакция тура осыдан 2 жыл бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен ата басылымның 100 жылдығын, яғни «ғасыр тойын» облыс, қала берді республика көлемінде атап өтті. Ауқымы үлкен іс-шара аясында талай талантты танытып, бағын ашқан басылымның тарихи-шығармашылық мұрасы көрініс тапқан «Ғасыр шежіресі» атты үлкен жинақ жарық көрді. Кітаптың кіріспесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен басталады.
Сондай-ақ «Ғасыр шажіресі» жинағында «Aq jol» газеті жайлы ұлт асылдары: мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожекеевтың, қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынованың және де Асанбай Асқаров, Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков сынды бірқатар қоғам қайраткерлерінің пікірлері қамтылған. Айта кетейік, жуырда облыстық «Aq jol» газетінің сайты жаңа әрі заманауи сандық платформаға ауысып, республикалық деңгейде ақпарат тартуға көшеді. «AULIEATA-MEDIA» цифрлық контент орталығы