Биыл соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтеді
Биыл соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтеді
Бұған дейін 25 мамырда Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды деген ақпарат тараған еді. Алайда жауапты министрлік мектеп түлектерінің өтінішін ескеріп, тек 11 сыныпты аяқтап жатқан оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтетінін хабарлады. «Биыл Қазақстан бойыншла 186 мың түлек мектеп тәмамадайды.Тек осы мектеп бітірушілер үшін 25 мамырда қоңырау салтанатты шарасын өткізуді тапсырамын. Биылғы түлектер бұл жиынды жоғары мәдениеттілікпен, ырысапшылықсыз даңғасалықсыз, рухани адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін», - деді министр. Cондай-ақ Ғани Бейсембаев еліміздегі мектептердің 1-10 сынып оқушыларына оқу жылының аяқталуына арналған «Білімі отаныма» атты біріңғай сынып сағаттарын өткізуді тапсырды. Фото: ашық дереккөз