Жаңалықтар

«Әулиеата» көкпар командасы - 14 дүркін Қазақстан чемпионы

«Әулиеата» көкпар командасы - 14 дүркін Қазақстан чемпионы

Көкпардан Қызылорда қаласында өткен ересектер арасындағы республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде жамбылдық команда оқ бойы озық шығып, 14 дүркін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Жарыстың топтық іріктеу кезеңінде «Әулиеата» командасы үздік шығып, жартылай финалда Түркістан облысының «Тұран» командасынан 9:2 есебімен басым түсті. Ал финалдық кездесуде Алматы облысының көкпаршыларын 7:1 есебімен ойсырата ұтты. Чемпионаттың «Үздік ойыншы» номинациясы жамбылдық Жақсылық Ерғалымға бұйырды. Айта кетейік, бәсекеге 16 облыс пен қалалардан 190 спортшы қатысты.