Жаңалықтар

Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды

Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «№7 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы болып Таңатаров Ақжүрек Достықұлы тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Таңатаров Ақжүрек Достықұлы 1986 жылы 03 қыркүйекте дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы- спортшы, 2011 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы-спортшы, 2017 жылы Астана қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМКҚ нұсқаушы-спортшы, 2018 жылы Тараз қаласында «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №5 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» басшысы, 2021 жылы Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы, 2023 жылы Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы, 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы, 2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған. Фото: malim.kz