Айналаны абаттандыру жалғасуда
Айналаны абаттандыру жалғасуда
ТаразМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы бойынша облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасып жатыр. Аталған акцияның «Жасыл аймақ» атауына ие болған үшінші аптасында Тараз қаласында ағаш көшеттері отырғызылуда.
Акция аясында қаланың «Қызылабад» алабында №11 аумақтық округтің тұрғындары мен жастар арасында ағаш көшеттерін отырғызудан жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары және аумақтық округтің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, жалпы саны 1200 қарағаш екті. Жеңімпаздарды айқындау үшін құрылған комиссия отырғызылған көшеттердің санын есептеп, ағаш егуге арналған шұңқырдың дұрыс қазылғандығы мен ағаштардың талапқа сай отырғызылуына баға берді. Жарыс нәтижесінде бірінші орынға Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы, екінші орынға «Құмшағал жастары» ие болса, үшінші орынды облыстық «Әулиеата жастары» командасы еншіледі. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен диплом табысталды. Экологиялық акция аясындағы кезекті іс-шара қаланың Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің аумағындағы «Әуендер әлемі» аллеясында жалғасып, бұл күні 100-ге жуық ақ кимешек киген әжелер немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты. Солардың бірі, Ш.Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясының ардагер ұстазы, «Даналық мектебі» клубының төрағасы Сәуле Таңатарова. «Бүгін жаймашуақ көктемнің шуақты таңында ұйымдастырылып отырған экологиялық акциясының аясында ағаш отырғызуға ақжаулықты әжелер немерелерімізбен бірге қатысып, өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл іс-шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі, өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру бүгінгі акцияның негізгі мақсаты», – десе, қаланың №5 мектеп-гимназиясында оқитын Мансұр, Ерқанат және Айсезім атты үш бірдей немересімен көшет отырғызып жатқан зейнеткер Сара Жабағиеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойына табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға деген ізгілікті сіңіреді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ даналығы. Сондықтан, бабадан балаға жеткен дәстүрмен Табиғат-ананы аялап, қастерлеуге баулу әжелердің парызы. Осы ретте замандастарыммен бірге немерелерімді ертіп, ұрпаққа үлгі көрсету, оларды ұлттық тәрбиемен сусындату мақсатында осынау іс-шарадан шет қалмайын деп келдім», – деді ақжаулықты әже. Ал, №23 мектептің кітапхана меңгерушісі Гүлнұр Өмірзақова болса, тал отырғызу шарасына 1-сыныпта оқитын бір топ балалармен бірге қатысып жатыр екен. №5 мектеп- гимназияның 3-сыныбында оқитын оқу озаты Абдулазиз Болаттың да бұл күні әжесі Салтанат Орынтаевамен бірге ағаш көшеттерін отырғызып жатқанына куә болдық. Он немеренің әжесі Салтанат Мақашқызы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан ауқымды шараға немересімен бірге қатысып жатқанына қуанышты екенін айтып, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей, осындай тәрбиелік іс-шаралардың маңызы қашанда зор екенін айтты.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Мойынқұм
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аймақтарда үшінші апталығы жалғасуда. Осыған сәйкес, «Жасыл аймақ» тақырыбы аясында аталған апталықтың алғашқы күндері Мойынқұм ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүзеге асты.Мәселен, Бірлік ауылында ауыл ақсақалдары мен елді мекен жастары бірлесіп, «Көктерек аллеясына» және «Биназар баба» ескерткішінің маңайына 20 ағаш көшетін отырғызып, өнегелі істің өрнегін көрсетті. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ісіне даналық дарытқан халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде әр көктемде тал егу қалыпты әдет екені белгілі. Осынау ұрпақтар арасын байланыстыруға бағытталған ұлағатты іс-шара барысында елді мекенде көгалдандыру жұмыстарына 20 адам қатысты.
Нұрболат АМАНБЕК
Меркі
«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясының үшінші апталығы да дәл осы тал егуге арналып отыр.Меркі жұртшылығы «Жасыл аймақ» тақырыбындағы өтетін апталықта туған өлкеге тал егіп, барынша абаттандыруға, жасылдандыруға мән берді. Аталған іс-шара аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен басталды. Дендропарк аумағындағы арнайы орынға жүйелеп, әр талдың орнын белгілеп тұрып, 50 түп еуропалық қарағай ағашын отырғызды. Жұмысты ұйымдастырған халық қалаулылары тал егу ісі дәстүрге айналарына сенім білдірді. Сондай-ақ, олар егілген талдардың алдағы уақытта жайқалып, жасыл аймаққа айналуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Нұржан ӘЛІШ
Сарысу
Сарысу ауданында «Таза Қазақстан» акциясы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасын табуда.Жайылма ауылының тұрғындары экологиялық акцияға атсалысып, қарқынды түрде жұмыс жүргізді. Тазалық жұмысына әкімшілік, жастар және Донда Сенбин атындағы мектеп ұжымы қатысты. «Жасыл аймақ» апталығына байланысты, Маятас ауылына кір ер жол бойына 300 қаратал көшеттері егілді. Сонымен қатар, «Балауса» бөбекжай бақшасының ұжымы бөлініс кестесіне сәйкес, «Еңбек Ерлері» аллеясының тазалығына өз үлестерін қосты.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Жуалы
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жуалы ауданында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.Тазалық науқаны басталғалы аудандағы 14 ауылдық округте тұрғындар мен қызметкерлер тұрғынжай, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар өз аумақтарын және аулаларын күл-қоқыстан тазартып жатыр. Бұған дейін «Таза өлке», «Киелі мекен» апталықтары аясында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің маңайына ағаштар отырғызылып, саябақтар қыс бойы жиналған қоқыстардан аршылды. Ал, апта басында ауданда «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Бұл апт алық ағаш, гүл көшеттерін егу және тал ақтау жұмыстарымен ерекшеленді. Күреңбел ауылдық округінде «Гүлденген өлке» акциясына орай мектеп аумақтарындағы гүлзарларға көпбалалы аналар мен мектеп оқушылары гүл егіп, суғарды. Науқан аясында Қарасаз ауылындағы кәсіпкерлер ұйымдасып, ауылішілік жол бойындағы ағаштардың діңдерін әктеді. Сонымен қатар, Қарасаз ауылы «Бөбекжай» балабақшасы бүлдіршіндері акцияға өз үлестерін қосып, тәрбиеші апайларының көмегімен балабақша аумағына гүл, ағаш көшеттерін отырғызды. Акция Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты елді мекендерде де жалғасын тапты.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Қордай
Қордай ауданындағы сенбіліктер легі әлі де белсенді жалғасып келеді. Татулықты ту еткен қордайлықтар бір болып, жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Аудан әкімінен бастап тұрғындар Мәдениет үйінің алдына ағаш көшеттерін екті. Игілігі мол іс-шараға әскерилер де өз үлестерін қосуда.«Жасыл аймақ» апталығында қордайлықтар «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабалар ұстанымын іс жүзінде игілікке айналдырды. Бұл жолы ауылдың орталық көшелеріндегі жол жиектері мен саябақтарды абаттандыруға басымдық берілуде. «Жасыл аймақ» апталығына ел тыныштығын күзеткен жауынгерлер де аудан аумағын жасыл желекке айналдыруға атсалысты. Гвардейский горнизонының 100 әскери қызметшісі отбасыларымен бірге 100 тал көшетін екті.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Жамбыл
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Белгісіз солдат» монументі айналасында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Ақбұлым ауылындағы Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлерге орнатылған ескерткіш маңы тазаланып, қоршаулар сырланып, ағаштар ақталған.Ал, Айша бибі ауылының тұрғындары «Айша бибі» ке сене сінің маңын тазалап, онда 60 түп ағаш көшеттерін отырғызған. Дәл осындай іс-шаралар ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде жалғасын тауып отыр. Сондай-ақ, «Жасыл белдеу» өңірлік жоспарына сәйкес, 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген екен. Оның ішінде, 14100 түп қарағаш, 4700 түп терек, 500 түп ерен талы және 200 түп бозарша көшеті егілмек. Бұдан бөлек, Аса ауылындағы орталық алаң аумағында және ауданға қарасты 42 елді мекенде 14444 түп бір жылдық шырайгүл көшеттерін отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Маржан РАҚАЙ
Шу
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өңіріміздің барлық аудандарында сәтті жүзеге асуда. Акция аясында көптеген елді мекендерде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауыл-аймақта жасыл желек жамылған алқаптардың қатары артып келеді.Мұндай тазалық жұмыстары шалғайдағы Шу ауданының барлық ауылдарында жалғасып, жергілікті тұрғындар ауласына тал көшеттерін егуде. Сондай-ақ, олар жаппай сенбілік жұмыстарында белсенділік танытып, арық пен каналдарды тазарту жұмыстарына айрықша көңіл бөлуде. Дәлірек айтқанда, «Жасыл аймақ» аталатын апталық аясында Төле би ауылындағы орталық саябақта 150 түп ағаш көшеттері отырғызылса, Ескі Шу ауылында орналасқан Тасөткел су қоймасының маңындағы ағаштар әктелді. Осылайша, осынау игі іс-шараға қатысқан шулықтар халық серуендейтін орындарды көріктендіру жұмыстарында бірлігі жарасқан ел екенін тағы бір дәлелдеді. – Бүгінгі таңда аудан көлемінде тазалық жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Шын мәнінде, туған жерімізді гүлдендіру бәріміздің міндетіміз. Жалпы, тазалық жұмыстарына аудан жастарын көптеп тарту – басты назарда. Жастар жағы ауданымыздың гүлденуіне бір кісідей атсалысуы қажет. Кейінгі буын өкілдерінің экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қараудағы көзқарастары қазірден қалыптасуы тиіс. Өйткені, кіндік қанымыз тамған киелі өлкеміздің өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты, – дейді зейнеткер Равиль Асылбеков. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы барысында Шу ауданында 700- ге жуық тал көшеттері отырғызылып, 5 тонна күл-қоқыстар шығарылған. Ал, сенбілік жұмыстарына 2 мыңнан астам аудан тұрғындары жұмылдырылуда.
Есен ӨТЕУЛІ
Т.Рысқұлов
Көктемгі жаңарту жұмыстары Т.Рысқұлов ауданында белсенді жүргізіліп келеді. «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы ұйымдастырылуда. Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында бес апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі таңда «Жасыл аймақ» акциясы аясында көшет отырғызу, тал-дарақтарды әктеу жұмыстары жүргізілуде. Білім бөліміне қарасты Р.Смаилов атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп алаңына ағаш көшеттерін отырғызды.Жоспарлы желілік кестеге сәйкес, ауданда мемлекеттік тізімдегі 81 тарихи- мәдени ескерткіштер орналасқан с аябақт ар және а ллеялар маңы абаттандырылып жатыр. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Құлан қалашығының қоршауы сырланып, әктеліп, бейберекет өскен шөптер шабылды. Акцияның үшінші апталығы басталғалы барлығы 300 тал-дарақ отырғызылып, 5000 шаршыметр саябақтар мен скверлер тазаланды. 200 шаршыметр төсеніш жабындылары ауыстырылып, 200 тоннадан астам күл- қоқыс шығарылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Талас
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы сәтті жүзеге асты. Талас ауданы, Ойық ауылдық округінде де ауыл тұрғындары белсенділік танытуда. Атап айтқанда, тұрғындардың ықпалымен 11 шақырым көше арықтары тазаланып, 12 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 21 көшеге әр апта сайын тазалық жұмыстарын үнемі жүргізілу назарға алынған. Ауылдық округ орталығына 350 түп тал-дарақ тігіліп, Сейілбек елді мекенінде соғылып жатқан саябаққа 210 түп туя және шырша көшеттері отырғызылды. «Біз мұндай тазалық шарасына қуанамыз және қызу қолдаймыз. Әр көшенің тазалануы көңіл қуантады», дейді ауыл ақсақалы Сейілхан Шолпанбеков.Аққұм ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығы аясында тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қаратау қаласында «Орталық саябақ» аумағына бірнеше тал көшеттері егілді. Сонымен қат ар, Тамды өзенінің жағалауына жалпықалалық сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған сенбілікке қалада орналасқан мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорыннан жиналған 300-ге жуық қызметкер қатысып, әктеу, сырлау, тазалық жұмыстарына да үлкен үлестерін қосты. Нәтижесінде, қала көшелерінен 8 тоннаға жуық күл-қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен полигон орнына шығарылды.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында ауданда жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Барлық елді мекен мен мекеме, ұйымдар аталған іс-шараға жұмылдырылуда.Солардың бірі – «Жасыл аймақ» тақырыбы мен Диқанауылдық округінде өз жалғасын тапты. Іс-шарада Диқан ауылының кіреберісінде ауыл ардагерлері бас болып, тұрғындар мен жастардың қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды салауатты өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу мақсатын көздеген іс-шараға қырыққа жуық адам қатысып, қарағаш көшеттерін егіп, сонда өсіп тұрған ағаштардың түптерін ақтады. – Бүгін «Жасыл аймақ» апталығы бойынша екі жүзге жуық қарағаш көшеттерін отырғыздық. Осындай игі іс-шаралар жиі болып тұрса, жыл сайын жасыл бақтағы ағаштар көбейіп, алдағы уақытта үлкен саябаққа айналар деген үмітіміз бар. Диқандық тұрғындар осы жерге келіп ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырады деген ойдамын, – дейді Диқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімхан Ойықбаев.
Маржан РАҚАЙ