Ғайни ақын – «Алаш» сыйлығының лауреаты

Ғайни ақын – «Алаш» сыйлығының лауреаты
Ғайни Әлімбекқызы – елімізге танымал ақын. Оның қаламынан туған «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген», «Жыр – айна», «Қарлығаштар мекені», «Сен берген гүл» атты жыр жинақтарын оқырман қауым жылы қабылдап, жоғары бағалаған. Ол әулиеаталық жұртшылыққа облыстық «Jambуl» телеарнасында «Айна», «Айша бибі» авторлық бағдарламалары арқылы кеңінен танымал. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, еліміз бойынша таңдалған «100 қайраткер әйел» атты анықтамалық- энциклопедиясына енген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Ғайни Әлімбекқызы – нағыз патриот, отаншыл ақын. Аяулы ақынды халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атануымен құттықтап, отбасына жақсылық тілеп: «Жазар көбейсін!» деп ізгі тілек айтамыз!
Есет ДОСАЛЫ