Жаңалықтар

Британ инженерінің қазақ даласы туралы туындысы жарық көрді

Британ инженерінің қазақ даласы туралы туындысы жарық көрді

Алматыда британ инженері Нельсон Феллдің «Русия һәм көшпелілер. Қазақ даласы туралы хикаялар» кітабы жарық көрді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл кітаптың жарыққа шығуына белгілі баспагер Бақытжан Бұхарбай мен меценат Дулат Тастекей себепкер болды.

Туынды 1905 жылы Орыс-жапон соғысы өршіп, революциялық тербеліс жағдайында тұрған Ресей империясының құрамындағы қазақ даласында орналасқан кеніштердің бірін сатып алған британ тау-кен инженері, «Спасск мыс кендері» кәсіпорнының басқарушысы Нельсон Феллдің Дала өлкесінде өткен жылдары туралы естеліктері қарапайым баяндау тілімен және шынайылығымен оқырманды бірден баурайды. Дала халқының ерекше болмысы, табиғатпен үйлесімді өмір сүруі, риясыз пейілі, дәстүр ғұрыптары Батыс өркениетінің өкіліне ерекше тартымды көрініп, қызықты әңгімелеріне арқау болады. Автордың көрген-білгендерін сол кездегі көшпелілердің тұрмысын етене танытатын этножазбалар деуге әбден лайық.