Жаңалықтар

Эко-акцияны қолдауға сарысулықтар да септесті

Эко-акцияны қолдауға сарысулықтар да септесті

Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің жергілікті тұрғындары «Таза Қазақстан»  акциясына белсенді атсалысуда.

Бүгін ауыл тұрғындары Айнаш Отарбаев атындағы саябақ аумағын толық күл-қоқыстан тазартып, қайта абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Дәл осындай санитарлық-тазалық жұмыстары аудан аумағындағы барлық елдімекенде ұйымдасқан түрде өтуде. Айта кетейік, ауқымы кең әрі берері мол бастама «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деп мән-маңызына қарай бес бірдей аптаға бөлінген