Атырауға 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді
Атырауға 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, жоспарға сәйкес Атыраудағы су басқан елді мекендерді құтқаруға Жамбыл аймағы бекітілген. – Облысымызда қандай техниканың түрі бар, барлығы жұмылдырылып жатыр. Бізден баратын құтқарушыларға жатын орын, тамақ, киім қарастырылған. Олардың іссапар шығындары демеушілер арқылы өтеледі. Сонымен қатар, айлық жалақылары да сақталады, – дейді Қанатбек Қайшыбекұлы. Жүзге жуық құтқарушылар мен бұдан да көп техникаға жауапты мекеме басшылары да өз ісіне сақадай-сай тұр. Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерболат Сейітбековтің сөзінше, апатты аймақтарға көмектесу шаралары алдағы уақытта барынша күшейтілмек.
Нұржан ӘЛІШ