Қытайлық инвесторлар Жамбыл жерінде
Қытайлық инвесторлар Жамбыл жерінде
Жиында облыс әкімі екі ел басшыларының тығыз қарым- қатынасы көрші мемлекеттердің экономикасының дамуына жаңаша серпін бергенін атап өтті. Өңір басшысы өз сөзінде қос мемлекет екінші алтын отыз жылдыққа қадам басқанына тоқталып, инвестициялық жобаны қолдау мақсатында мемлекет және жергілікті билік тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын баса айтты. – Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінде шетелдік ірі өнеркәсіп компанияларының қатысуымен бірқатар индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Біз облыс экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын креативті жаңа жобаларды бірлесе іске қосуға мүдделіміз, – деді Е.Қарашөкеев. Бұдан кейін аспан асты елінің өкілдері алтын өндіру ісіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Hicheng Mining CO. Ltd» компаниясында 1 500 адам еңбек етеді. Кездесу соңында инвестициялық жобаны егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықты дамыту бағытында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Есен ӨТЕУЛИЕВ