Табиғат тазалығы – баршаға ортақ
Табиғат тазалығы – баршаға ортақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір-өңірлерде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Айналаны абаттандыру шарасына түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да өз үлестерін қосуда.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталған әйелдер санитарлық-тазалық жұмыстарына белсене қатысып, мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы, мекеме әкімшілігі қай уақытта да табиғатты аялау шараларына ерекше көңіл бөлетінін айта кеткен жөн.