Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» эко-акциясына Мұхтар Шаханов та атсалысты

«Таза Қазақстан» эко-акциясына Мұхтар Шаханов та атсалысты

Мемлекет басшысының бастамасымен бес аптаға жоспарланған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына зиялы қауым өкілдері де шынайы қолдау білдіруде.

Бүгін  Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры аумағында өткен тағылымы мол іс-шараның басынан ұлт жанашыры, халық ақыны әрі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов та табылды.

Айта кетейік, экологиялық акцияға Жамбыл облысының тұрғындары да біркісідей атсалысып, тұрғылық аумақтарын күл-қоқыстан тазартып, жасыл желек егуде.