«Таза Қазақстан»: аудан тұрғындары белсенділік танытуда

«Таза Қазақстан»: аудан тұрғындары белсенділік танытуда
Бүгін Байзақ ауданы, Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылының тұрғындары қоғамдық орындарға санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, төңіректі күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ Тегістік ауылындағы «Ардагерлер» аллеясына Әлім Халықұлы мен Мұхамеджан Садырқұлов бастаған ауыл ақсақалдары немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша ардагерлер қауымы немерелерімен бірге тал егіп, жасыл желектің көбеюіне үлес қосты.
Дәл осындай экологиялық акция Талас ауданы, Қаратау қаласында да көрініс тапты. Берері мол бастаманың басынан табылған спорт саласының қызметкерлері моноқаланың «Ортатық саябақ» ішіндегі тал-көшеттерді құрт-құмырсқадан қорғау мақсатында түптерін ақтап шықты.