Жаңалықтар

Су тасқыны: жамбылдық этно-мәдени бірлестіктер 57 миллионға жуық қаржылай көмек берді

Су тасқыны: жамбылдық этно-мәдени бірлестіктер 57 миллионға жуық қаржылай көмек берді

Облыстық этно-мәдени бірлестіктер мен орталықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 56 688 450 теңге қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғұлам Умаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Айта кетсек, республикамыз бойынша Жамбыл жері этностар ең көп шоғырланған аймақ. Қазіргі уақытта облысымызда 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тұрады.