Жаңалықтар

Зейнетақының сәуір айындағы орташа мөлшері белгілі болды

Зейнетақының сәуір айындағы орташа мөлшері белгілі болды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақының сәуірдегі  орташа мөлшерін мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz 

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 млрд  теңге қарастырылды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.