ҚАЖ қызметкерлері футбол ойнады
ҚАЖ қызметкерлері футбол ойнады
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері кезекті рет өздерінің физикалық дайындығын пысықтады.
Бұл күні мекеме қызметкерлері өзара екі топқа бөлініп, жасыл алаңда бақ сынасты. Аяқ доптан сынға түскен олар тартысты ойын үлгісін көрсетіп, достық сайыста белсенділік танытты. Атап өту керек, бұқаралық спорт түрінен кім мықтыны анықтау барысында қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас нығайып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанатын ҚАЖ қызметкерлерінің саны арта түсуде.