Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді
Жамбыл облысында 8,5 шақырым жылу желісі жөндеуден өтеді
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте жылыту маусымының аяқталуы мен 2025 жылға дайындық жоспары және орындаушылық тәртіптің барысы қаралды. Жауапты сала басшысы Дамир Сейсенбекұлының айтуынша, биылғы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталып, қалыпты деңгейде өткен. Тұрақтылық сақталып, ірі төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Өңірдегі отын-энергетика кешендерін алдағы жылыту маусымына дайындау шараларына 14,7 млрд теңге қарастырылған. Биыл 8,5 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралінің 4,5 шақырымы қайта жаңғыртылады және 1,8 шақырым жылу желісі күрделі жөндеуден өтеді. 2,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.