Қазақстандық шекарашылар қазақ-қытай шекарасында 1 центнерден астам заңсыз дәрі-дәрмекті тәркіледі
Қазақстандық шекарашылар қазақ-қытай шекарасында 1 центнерден астам заңсыз дәрі-дәрмекті тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысындағы «Қорғас» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізге дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматын ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
20 жастағы азамат салмағы 1 центнерден астам дәрі-дәрмекті елімізге жасырын жолмен өткізуге тырысқан. Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасына берілді.