Өжеттік, сергектік және шапшаңдық
Өжеттік, сергектік және шапшаңдық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі істер саласын реформалау мәселесіне айрықша назар аударып келе жатқаны белгілі. Бұл реформа түзеу мекемелерінің жай-күйі, сотталушылардың жағдайы мәселесін де айналып өтпеді.
Жалпы, пенитенциарлық жүйеде қай бөлімнің болса да, өзіне тән жауапкершілігі бар. Ал, мұндағы тәртіптің сақталуын, бақылап-өткізу пункттеріндегі тексеру міндетін мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері талабы қатаң, жауапкершілігі жоғары қызметті мінсіз атқарып келеді. Қысқасы, бұл қызметте өжет, сергек және шапшаң болуың керек. Бұл – бақылаушыларға аса қажет үш қасиет!