Таразда түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы босатылды
Таразда түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы босатылды
Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты Қырғыз елінің азаматы еркіндікке жолдама алды.
Айта кетейік, көрші елдің азаматы Қордай аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 392 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылған. Қырғызстан Республикасының азаматын қақпа алдынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына кеңінен түсініктеме беріп, оған бұдан әрі қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертті.