«Жәрдем» медициналық пойызы 20 сәуірден бастап іске қосылады
«Жәрдем» медициналық пойызы 20 сәуірден бастап іске қосылады
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы тұрғындарды білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 20 сәуірінде шалғайдағы ауылдар мен станцияларына жүре бастайды, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жүрдек пойызды жолға қою арқылы шалғай ауылдардың 90 мыңнан астам тұрғыны білікті дәрігерлерге қарала алады.
Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады. Фото: atpress.kz