Су тасқыны кезінде мал шығынын өтеу алгоритмі әзірленді
Су тасқыны кезінде мал шығынын өтеу алгоритмі әзірленді
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жалпы шығын көлемін анықтау үшін жергілікті әкімдіктермен арнайы комиссия құрылған. Ол үшін су тасқыны салдарынан, өлген жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, комиссияға өтініш беруі керек. Шығын болған малдың меншік құқығы ветеринария бөлімінің базасында анықталады. Әр малға өтелуі тиіс шығын құны әзірге нақтылануда. Фото: ашық дереккөз