Жаңалықтар

Жасыл алаңда бақ сынасты

Жасыл алаңда бақ сынасты

Ел Президенті айтқандай, қылмыспен күресіп, азаматтардың алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ету – тәуекелі көп жұмыс. Тәртіп сақшысы кез-келген уақытта қатердің бетін қайтаруға дайын тұруға тиіс.

Физикалық және психикалық саулықтың кепілі - спорт десек, құқық қорғау қызметкерлерінің тұрақты түрде спортпен шұғылдануы шарт. Өйткені, елімізде спорт инфрақұрылымын салу кезең-кезеңімен қамтамасыз етілуде. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері мекеменің тәрбие және кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен бір мезгіл жасыл алаңда бой сергітеді. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері кіші футболдан өзара бақ сынасып, кім мықтыны анықтады.