Денсаулық

Таразда әр аптаның сенбісінде көшпелі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Таразда әр аптаның сенбісінде көшпелі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Бүгін Тараз қаласы «Жастар» аллеясының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп болды. Мұнда шаһар тұрғындары облысымыздың бес ауданынан келген табиғи өнім өндірушілердің тауарларын ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңкені ұйымдастырушы Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, мұнда жалпы құны 19,8 миллион теңгені құрайтын 34,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауылшаршалық жәрмеңкесі қатырынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр.