ЖАМБЫЛДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҰСТАДЫ
ЖАМБЫЛДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҰСТАДЫ
Жамбылда полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы жылы 3 сәуірде облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады. Өзбекстан Республикасының екі азаматы көрші мемлекеттің Самарқанд облысында 288 миллиард сомадан (10 миллиард теңге) аса ірі мөлшердегі табиғи газды жасырын ұрлады деп күдіктелуде. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Жақын арада іздеу салуды жариялауға бастама білдірген елге беріледі. Фото: Polisia.kz