ҰБТ-ға жаңа 2 тармақ енгізілді
ҰБТ-ға жаңа 2 тармақ енгізілді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуге жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. ҰБТ-ға жаңа 2 тармақ енгізілді. Атап айтсақ, қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе «Қазақ тілі» ҰБТ арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылданады. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі. Осылайша, «НЗМ» ДББҰ түлектерінің оқыту нәтижелерінің сыртқы бағасын айырбастау бөлігінде және «Қазақ тілі» бейіндік пәндерінің бірі ретінде таңдаған қазақ тілін меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар үшін ҰБТ балдарын түсушінің қалауы бойынша жетілдіру көзделіп отыр. Құжат 15 сәуірге дейін кеңінен талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.