Жаңалықтар

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілген.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.