Ғибратты ғұмыр иесі
Ғибратты ғұмыр иесі
Іс-шара барысында Жамбыл аудандық орталық кітапханасының қызметкері Нұрипа Манабаева қаламгердің өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, Баттал Жаңабайұлы – өз ісінің нағыз кәсіби шебері, өнегелі өмірін журналистика саласының дамуына арнаған азамат екенін, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет ордені» белгісімен марапатталғандығын жеткізді. Сонымен қатар, кітапханашы журналистің «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» атты кітаптары жарық көргендігін атап өтіп, аталған туындыларды көрермен назарына ұсынды. Еске сала кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналист Баттал Жаңабайұлының туғанына биыл 95 жыл толуына орай, облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында көрнекті қаламгердің тұрған үйінде мемориалдық ескерткіш тақта орнатылған болатын. Сондай-ақ, абыз журналисті еске алу мақсатында жыл сайын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай облыс әкімдігі мен Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бильярдтан Баттал Жаңабайұлы атындағы турнир өтіп келеді.
Нұрболат АМАНБЕК