Әлеумет

Қайраткер қаламгер биігі

Қайраткер қаламгер биігі

Биыл қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қайраткердің қаламгерлігі мен журналистика саласына сіңірген еңбегі және азаматтық асыл қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Оның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттауға арналған іс-шараның бірі Абай атындағы орталық кітапханада өтті. «Журналистиканың қара нары» атты ақпараттық шолуда Баттал Жаңабайұлының жемісті еңбегі мен шығармашылығы жайында мағлұмат берілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар кітапхана қорындағы автордың «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» кітаптарын оқырманға таныстырды. Жиын барысында оқырмандар абыз қаламгердің ғибратты ғұмыры мен көркем болмысын бейнелейтін көрініске куә болды.  

Нұржан ӘЛІШ