Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін
Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін
Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, былтыр Атырау облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд 242 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт – 3 млрд 79 млн, ал импорт 163 млн АҚШ долларына жетті. Қазір өңірде кәріз жүйесін салу, жерасты суын өңдеу, пайдалану және әлеуметтік нысандар салу өзекті мәселеге айналып отыр. Облыс әкімі мен «Қытай құрылыс корпорациясының үшінші инженерлік бюросы» компаниясының басшысы Лю Миннің кездесуінде осы мәселелерге басымдық берілді. Қытайлық компания басшысы Лю Миннің пікірінше, Атырау облысында көтерілген жерасты суын қалыпқа келтіру үшін дренаж жүйесін салу қажет. Осыған орай зерттеу жұмысын жүргізу үшін тиісті мамандар жіберіледі.
Фото: Атырау облысының әкімдігі