Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 килограмнан астам есірткі жібермек болған
Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 килограмнан астам есірткі жібермек болған
Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізудің тағы бір дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті – жергілікті тұрғынды ұстады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында "кептірілген марихуана" және "гашиш" есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астана қаласында сатуды жоспарлаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.