Инвестиция тарту – елдің экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі
Инвестиция тарту – елдің экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Қытай елінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде Жорабек Нұрмергенұлы ауданның экономикалық даму бағыттары және экономикалық даму мүмкіндіктері мен әлеуеті жайында айтты. ⠀ Чанг Зенгин және Хю Юнгу бастаған қытайлық делегация өкілдері әріптестік аясында жұмыс істеуге мүдделі екендерін жеткізіп, олар жасыл өнімдер мен технологияларды жетілдіріп, жасыл экономиканы дамыту бағытында тәжірибелерімен бөлісуге ниет білдірді. ⠀ Содан соң қытайлық делегация өкілдері аудандағы индустриялық аймақ, тау шатқалы және «Меrke Radon» шипажайымен танысып, Меркінің табиғи әлеуетін туризм саласын дамыту мен медициналық сауықтыру шараларын жетілдіру бағытында тиімді пайдалануға қызығушылық танытты. ⠀ Қытайлық инвесторлар радон суының пайдасына аса мән беріп, шипажайдың инфрақұрылымын жетілдіру мен қызмет көрсету аясын кеңейтуге инвестиция салуға бастапқы ниеттерін білдірді. ⠀ Сонымен қатар олар бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша, 4-5 сәуір күндері Пекин қаласында өтетін арнайы жиында кеңінен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.